Жаңалықтар
Павлодарда анасы терезеден лақтырып жіберген бала қайтыс болды
- авторСадуақас Айсұлу
- 2 тамыз, 2025
- 525
Дәрігерлер екі күн бойы сәбидің өмірі үшін күрескен.
Павлодарда туған анасы бесінші қабаттан лақтырып жіберген екі баланың бірі көз жұмды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz turkystan.kz сілтеме жасап.
Бала өлімі туралы Павлодар облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шакенова Instagram-парақшасындағы стористе жариялады.
"Өкінішке қарай, дәрігерлердің бар күш-жігеріне қарамастан, кішкентай ұлдың жүрегі тоқтап қалды", – деп жазды ол.
Бұл ақпаратты Павлодар облыстық балалар ауруханасы да растады.
"1 тамызда баланың жағдайы (2024 жылы туған - еск.) күн бойы өте ауыр және тұрақсыз болды. Кешке қарай жағдайы нашарлап, сағат 20:10-да жүрегі тоқтады. 20:40-та қайтыс болғаны расталды", – деп хабарлады аурухана өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Швецияда жойқын дауыл салдарынан екі адам қаза тапты
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 28 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Қазақстан ТЖМ ұшағымен бала жедел түрде ауруханаға жеткізілді
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 28 желтоқсан, 2025






