Жаңалықтар

Павлодарда ата-аналар жеті жастағы баланың зорланғанын мәлімдеді

Павлодарда ата-аналар жеті жастағы баланың зорланғанын мәлімдеді

Павлодарда ата-аналар жоғары сыныптың балалары 2-сынып оқушысын зорлағанын мәлімдеді.

Олардың айтуынша, жасөспірімдер жеті жасар оқушыға жыныстық азғындық жасап, соны видеоға түсірген. Ата-аналар оқиғаның екі апта бұрын болғанын айтады. Жәбірленушінің анасы баласына одан әрі зиян тигізбеу үшін полицияға бармай, мұны жасырын қалдырған.

Павлодар облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Наталья Покидова бұл оқиғамен полицейлер айналысып жатқанын хабарлады.