Жаңалықтар

Павлодарда бес күн бұрын жоғалған балықшылардың денесі көлден табылды

Павлодарда бес күн бұрын жоғалған балықшылардың денесі көлден табылды

Павлодар облысында жоғалып кеткен екі балықшының мәйіті табылды, деп хабарлайды Жамбылинфо Ішкі істер министрлігінің Telegram парақшасына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Павлодар облысында жоғалған балықшылар іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз. 8 қазан күні Екібастұз полициясына 64 жастағы қала тұрғыны 69 жастағы жұбайын іздеуде көмек көрсетуді сұраған. Оның айтуынша, 5 қазан күні сағат 12.30 шамасында ер адам УАЗ көлігімен танысымен бірге балық аулауға кеткен. Осы уақытқа дейін олар үйіне оралмаған. 9 қазанда Кутояксор көлін жағалауынан УАЗ көлігі табылды. Тексеру барысында құжаттары, ақша, ұялы телефондар, автокөліктің кілті машинаның салонынан табылды.