Павлодарда бір жасар сәби шелектегі суға тұншығып өле жаздады
Павлодарда бір жасар сәби шелектегі суға тұншығып өле жаздады
Павлодарлық дәрігерлер шелектегі суға батып кете жаздаған баланың өмірін сақтап қалды. Бұл туралы облыстық балалар ауруханасынан мәлім етті, деп хабарлайды Жамбылинфо Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. Бала қазір ол ауруханада жатыр. «2022 жылы туған қызды 10 сәуір күні облыстағы аудандардың бірінен санитарлық авиациямен жеткізді», - деп нақтылады ауруханадан. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Кішкентай қыз соматикалық бөлімде ем алуда. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың ақпан айында бір шелек суға батып кеткен сәби көз жұмған болатын.