Павлодарда оқушы ескерту жасаған мұғаліміне шабуыл жасады
Оқиға күзгі бал кезінде болған
Павлодарда оқушы ескерту жасаған мұғаліміне шабуыл жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім мұғалімнің мойнынан ұстап, біраз уақыт бойы жібермей қойған.
Павлодар облысының Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін оның заңды өкіліне қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданған.
Сондай-ақ, 9-сынып оқушысының мінез-құлқы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияның отырысында қаралатын болды.