Жаңалықтар

Павлодарда туған қызын екі жыл бойы зорлап келген әке іздестіріліп жатыр

Павлодарда туған қызын екі жыл бойы зорлап келген әке іздестіріліп жатыр

Өз қызына бірнеше жылдан бері зорлық көрсетіп келе жатқан ер адам іздестіріліп жытыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz El.kz ақпарат агенттігі сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысының полиция департаменті іздестіруге учаскелік полиция қызметкерлері де, облыс оперативтері де қосылғанын хабарлады.

Жәбірленушінің айтуынша, әкесінің зорлық-зомбылық әрекеттері 2020 жылдың мамырынан 2022 жылдың ақпанына дейін жасалған. Оған дейін жәбірленуші мен оның анасы полицияға жүгінбеген.