Жаңалықтар

Павлодарда жаңа құбыр жарылып, жол бойын су басты

Павлодарда жаңа құбыр жарылып, жол бойын су басты

Желде Павлодарда көшелерінің бірін су басқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Pavlodarnews.kz мәліметінше, оқиға Исеналиев көшесі,1 мекенжайында болған. «Павлодар-Водоканал» ЖШС дерегіне сүйенсек, 7 желтоқсан күні «Толағай» ЖШС мердігер ұйымы Исеналиев көшесі бойында жаңа құбырды қайта қосу жұмысын жүргізген. Жұмыстың сапасыз орындалуы салдарынан құбыр жарылып, жолдың бойын су басқан.