Петропавл мектебіндегі дүрбелең: акт залының төбесі құлады
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 маусым, 2025
- 176
Петропавл қаласындағы №9 мектепте аттестат тапсыру рәсімі кезінде акт залының төбесі опырылып түсті. Сол сәтте залда 130-ға жуық адам болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Jambylinfo.kz kaz.inform.kz сілтеме жасап.
Мектеп директоры Гүлден Аленованың айтуынша, акт залының төбесі ішінара құлаған. Салтанатты іс-шара соңына таяп, оқиға кезінде барлық түлек соңғы әнді айтуға сахнаға шыққан екен.
Бүгін 57 түлек аттестат алды, олардың екеуі «алтын белгіден» үміткер, біреуіне ерекше үлгідегі аттестат тапсырылды. Балалардың барлығы сахнада болды. Сексен шақты ата-ана болды. Ал акт залының төбесі құлаған арт жағында ешкім болған жоқ. Төбені қаптаған «армстронг» плитасы құлады. Қазір тексеріліп жатыр, соның нәтижесі бойынша шара қолданылады, — дейді мектеп директоры.
Мектеп директоры Гүлден Әленованың айтуынша, төбе шара аяқталар тұста құлаған. Балалар сахнада, ал ата-аналар алдыңғы қатарда отырған.