Жаңалықтар

Петропавлда 18 жастағы жігіт футбол алаңында қайтыс болды

Петропавлда 18 жастағы жігіт футбол алаңында қайтыс болды

Петропавлда 18 жастағы жігіт футбол алаңында қайтыс болды, деп хабарлайды Жамбылинфо  Halyq Uni сайтына сілтеме жасап. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, кеше сағат 20:04 шамасында Петропавл полициясына медициналық мекеменің қабылдау бөлмесінде 18 жастағы қала тұрғыны қайтыс болды деген хабарлама келіп түскен. Жас жігітті Жамбыл – Чайковский көшелерінің қиылысында орналасқан футбол алаңынан дәрігерлердің алып кеткен.

Істің барлық мән-жайларын зерттеуге бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оның нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.