дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 14:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Петропавлда 19 және 21 жастағы екі азамат 40 шақты адамды алдағаны үшін сот үкімі шықты

Петропавлда 19 және 21 жастағы екі азамат 40 шақты адамды алдағаны үшін сот үкімі шықты
ашық дереккөзі
Петропавлда 19 және 21 жастағы екі азамат 40 шақты адамды алдағаны үшін сот үкімі шықты
Петропавлда екі жігіт өздері сияқты жастарды алдап, оларға тауарлық несие алдырған. Салдарынан 40 шақты адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат . Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 19 және 21 жастағы екі тұрғыны былтыр жаз айында өздері құралпы жастарды алдап келген. Екі жігіт бөлек әрекет еткен. Тергеу анықтағандай, олар тауарлық несиенің күшін жоя алатындықтарын айтып, аздаған ақшалай сыйақы үшін жәбірленушілерді құны 180 мың теңге шамасында болатын ұялы телефонды несиеге сатып алуға көндірген. Қаскөйлер алынған тауарларды жарты бағасына сатқан. Ал, олардың «қармағына» түскендер біраз уақыттан кейін несие ұйымдарына әлі де қарыздары бар екенін білген. Петропавлдың 19 жастағы тұрғыны 23 адамды алдағаны анықталды. Екінші, 21 жастағы жігіттің ісінде 13 эпизод бар. Полицияға алаяқтық туралы арыз түсе бастаған кезде, екі алаяқ ұсталды. Қазіргі уақытта олар ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша жазасын өтеп жатыр. Біріншісіне 3,5 жыл, екіншісіне 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. «Адамдарға күмәнді ұсыныстарға сенуге болмайтындығын еске саламыз. Алаяқтар тез әрі оңай табыс табуға болады деп алдап, жұрттың ақшасын иемденуге тырысады. Интернет кеңістігінде де сақ болу керек. Жыл басынан 23 солтүстікқазақстандық «ақшаны еселеу» туралы хабарландыруларға сеніп, алданып қалды», - дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар