Жаңалықтар

Петропавлда анасымен жолдан өтіп бара жатқан қызды көлік қақты

Петропавлда анасымен жолдан өтіп бара жатқан қызды көлік қақты

Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Әйел мен 14 жасар қыз қол ұстасып, жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен. Анасы қызынан бірер секундқа озып кетіп, жол жиегіне жетті. Ал қызды көлік қағып кеткен. Ол ауруханаға жеткізілді.