Петропавлда екі жасар баланың тамағына күнбағыс дәнегі тұрып қалып көз жұмды

Қайғылы оқиға 13 маусым күні орын алған.
Петропавл қаласында екі жасар бала күнбағыс дәнегіне тұншығып, қайтыс болды. Бұл ақпаратты Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ведомствоның мәліметінше, бала оқыс жағдайда тұншығып қалған.
Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалып, бала өлімінің нақты себептері мен оған ықпал еткен факторлар зерттеліп жатыр.
Жергілікті дәрігерлер мен құтқарушылар балалар арасында тұрмыстық қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін ескертіп отыр. Ұсақ заттар, оның ішінде жаңғақ, дәнек, ұсақ ойыншықтар, кәмпит секілді тағамдар кішкентай балалар үшін тұншығу қаупін тудыратынын ата-аналар естен шығармауы тиіс.