Жаңалықтар

Петропавлда курсанттар арасындағы жанжал төбелеске ұласты

The final spritzer

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Петропавлда Ұлттық ұлан академиясының курсанттары жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан академиясында курсанттар арасында жаппай төбелес орын алды. Оқиға 10 сәуір күні болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бірінші курс курсанттары сапқа шығудан бас тартып, басшылықтың талабына бағынбаған. Жанжалдың соңы төбелеске ұласқан.

HALYQSTAN тілшісінің хабарлауынша, ауызша кикілжіңнен кейін шамамен 20 шақты курсант бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Нәтижесінде бірнеше курсант жарақат алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Бір курсанттың мұрны сынғаны анықталды, өзгелері жеңіл жарақаттармен шектелді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ресми емес ақпараттарға сәйкес, төбелеске себепші болған курсанттар академиядан шығарылуы мүмкін.