Жаңалықтар

Петропавлдағы жағдайдан кейін еліміздегі барлық мектеп тексеріледі – министрлік

Петропавлдағы жағдайдан кейін еліміздегі барлық мектеп тексеріледі – министрлік

Оқу-ағарту министрлігі Петропавл мектебіндегі төтенше жағдайдан кейін еліміздегі барлық мектепте қауіпсіздікті тексеру жұмысы жүргізілетінін хабарлады. Арнайы комиссия құрылды. Еске салсақ, бүгін Петропавл қаласының 4 орта мектебінде 9-сынып оқушысы мектепке балтамен келіп, үш баланы жарақаттады. Зардап шеккен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр. Үшінші оқушыға медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді.