Пхукетте қазақстандықтар отырған қайық суға батып кетті
Қайықта Қазақстанның 8 азаматы болған.
Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Таиланд туристік полициясының дерегінше, Андаман теңізінде апатқа ұшыраған қайықта барлығы 55 адам болған. Оның 52-сі турист, ал 3-еуі экипаж мүшелері. Қайықта Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Польша және Ұлыбританиядан келген туристер де болған. Жалпы бортта 33 Ресей азаматы, 4 Өзбекстан азаматы және 2 Қырғызстан азаматы болған.
Пхукеттегі Ресей Федерациясының Бас консулдығының хабарлауынша, апат салдарынан 18 жастағы ресейлік қыз қаза тапқан.