Жаңалықтар

ПИЯЗДЫҢ ГЕКТАРЫ 140 ТОННАДАН АЙНАЛУДА

ПИЯЗДЫҢ ГЕКТАРЫ 140 ТОННАДАН АЙНАЛУДА

Жамбыл ауданының әкімі Ерлан Қыдыралыұлы мен орынбасары Ербол Жиенқұлов күзгі жиын-терін жұмыстарын аралап шықты. Шаруалардың алқабын көріп, өнімділікке назар аударды. Сондай-ақ, аудан әкімі бірқатар пияз алқабында өнімділіктің артқанын жеткізді. – Биыл шаруалар пияз жинаудан жоғары деңгей көрсетіп отыр. Шаруалардың басы гектарынан 130 тоннаға дейін алды. Басым көпшілігі суды тиімді қолдану әдісін пайдалануда, - дейді аудан басшысы. Айта кетейік, жалпы ауданда 5600 гектарға пияз алқабы егілген.