"Полицейдің 11 баласы жетім қалды": Жамбылда ірі жол көлік апатынан 6 адам қаза тапты
- авторjambylinfo.kz
- 17 тамыз, 2024
- 1.5k
Жамбыл облысында Тoyota Alfard минивені мен Skoda-Octavia полиция көлігі бетпе-бет соқтығысып, 6 адам мерт болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Тoyota Alfard қарсы жолаққа шығып кеткен. Нәтижесінде салонындағы 8 адамның 4-еуі тіл тартпай кеткен. Көлік жүргізуші ауруханаға жеткізілген.
Ал Skoda-Octavia полиция көлігіндегі екі тәртіп сақшысы да оқиға орнында жан тапсырған. Полицейлердің бірі - 11 бала өсіріп отырған көпбалалы әке болған.
"2024 жылдың 17 тамызында сағат 01:00 шамасында "Меркі-Шу-Бурылбайтал" республикалық маңызы бар автожолының 40-шақырымында ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды. 25 жастағы "Тойота Альфард" автокөлігінің жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, "Шкода Октавия" патрульдік полиция көлігімен соқтығысқан.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз