бейсенбі, 1 мамыр, 2025 5:17

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Премьер-министр екі өңірдегі өртке қатысты тиісті шаралар қабылдап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

Премьер-министр екі өңірдегі өртке қатысты тиісті шаралар қабылдап, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды тапсырды
Үкіметтің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өрт қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселесі қаралды

Премьер-министр Олжас Бектенов Абай және Павлодар облыстарындағы орман мекемелерінің өрт туралы тиісті министрліктерге кеш хабар бергенін сынға алды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Абай облысында орман мекемесінің қызметкерлері өрт шыққаны туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне және Қорғаныс министрлігіне дер кезінде хабар бермеген. Дәл осындай жағдай Павлодар облысында да тіркелді. Осыған байланысты Экология министрлігіне, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне екі өңірдегі өртке қатысты тергеу жүргізіп, тиісті шара қабылдауды және жауаптыларды жазалауды тапсырамын», – деді Үкімет басшысы Үкімет отырысында.

Орман мекемелерінің өртке дайындық деңгейі төмен болғандықтан, премьер-министр Төтенше жағдайлар министрлігіне Экология министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мамыр айының соңына дейін республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізуге тапсырма берді.

«Оқу-жаттығуларда шекаралас аумақтардағы өртті сөндіру және көршілес мемлекеттердің қызметтерімен бірлескен іс-қимыл пысықталуы тиіс. Сонымен қатар, өрт қаупі жоғары өңірлерде су шашуға арналған құрылғылармен жабдықталған тікұшақтардың кезекшілігін ұйымдастыру мәселесі де қаралуы қажет. Орман мен дала аумақтарын бақылау үшін дрондарды пайдалану ұсынылады», – деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысындағы Приречное ауылында күнжара (күнбағыс қабығы) жанып, бір гектар ашық аумақ пен 105 шаршы метр ғимараттар өртенген. Ауылдан 395 адам эвакуацияланып, өрт оқшауланған.

Сондай-ақ, 4 сәуір күні Абай облысының Коянбай ауылында құрғақ шөп өртеніп, от «Семей орманы» ГЛПР Морозов филиалының орман алқабына жайылған.

Осы күні Павлодар облысы Баянауыл ауданында дала өрті тіркелді.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар