Жаңалықтар

Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды

Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Асханұлы Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.