жұма, 11 қазан, 2024 8:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Премьер-Министр жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды

Премьер-Министр жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды
ашық дереккөзі
Премьер-Министр жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді тапсырды
Жұмыспен қамту идеологиясын өзгертуіміз керек. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Жастарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары туралы жеткілікті ақпарат берілмейді. Сондықтан осы бағытта ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту қажет. Осыған байланысты: бірінші, Еңбек министрлігі халықты, әсіресе жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдерін әзірлесін. Бұл тәсілдерді Еңбек нарығын дамытудың кешенді жоспарының жобасына енгізу қажет. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі қызметтердің қолжетімді болуы мен сапасын арттыру шараларын қабылдау керек. Оларды автоматтандырып, қарау мерзімдерін қысқарту қажет», - деді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайылов екіншіден, Еңбек, Цифрлық даму министрліктері мен әкімдіктерге жұмыспен қамту саласының инфрақұрылымын жаңғыртуды қамтамасыз етуді және жұмыспен қамту орталықтарының қызметін толық цифрландыруды тапсырды. «Үшінші, біз жұмыспен қамту идеологиясын, қоғамдағы еңбекке деген көзқарасты өзгертуіміз керек. Ақпарат министрлігі Еңбек министрлігімен бірлесіп, еңбек адамының оң имиджін, барлық кәсіптердің құндылығын қалыптастыру мәселелерін пысықтауы қажет. Жұмыспен қамтуды ынталандырудың бұл шараларын қоғамда Еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілету жөніндегі кешенді жоспардың жобасына енгізу керек», - деді Премьер-Министр.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар