Премьер-министр журналистерге антисептик шашты
Таиланд премьер-министрі Прают Чан-Оча баспасөз мәслихатында журналистерге қолды тазартуға арналған зарарсыздандырғыш шашты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Head Topics басылымына сілтеме жасап.
Шенеуніктің бұл әрекетіне министрлер кабинетіндегі ауыс-түйіс туралы сұрақ қойған тілші себеп болғаны хабарланды. Жергілікті тілшілердің бірі жаңадан тағайындалған шенеуніктердің атын атауды сұраған.
Прают сұраққа жауап ретінде бірінші қатардағы журналистерге зарарсыздандырғыш шашып, БАҚ қызметкерлеріне өз ісімен айналысуға және қажетсіз сұрақтар қоймауға кеңес берген. Брифингтен шыққаннан кейін де айналасындағы адамдарға антисептик шашқан. Бұл жағдай Бангкоктағы апта сайын өтетін шенеуніктің баспасөз мәслихатында болған.
БАҚ мәліметіне сүйенсек, Таиланд премьер-министрі осындай іс-әрекеттерімен танымал. Ол бұған дейін де журналистерге жауап беру кезінде тілшілердің бірінің құлағын ұстап, операторларға банан қабығын лақтырып жіберген. Чан-Оча 2014 жылы әскери төңкерісті басқарды, ал 2019 жылы наурызда өткен парламенттік сайлаудан кейін үкімет басшысы болып тағайындалды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Тәуелсіздік тойына тілек: Қанат Мырзахан
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
Жаңалықтар
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024