Жаңалықтар

Президент академик Сейіт Қасқабасовтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы Сейіт Қасқабасовтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев тілтанушы және әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сейіт Қасқабасовтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты.