Жаңалықтар
Президент Антикор басшысы Асхат Жұмағалиды қабылдады
- авторjambylinfo.kz
- 24 шілде, 2023
- 258
Президент Антикор басшысы Асхат Жұмағалиды қабылдады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының баяндамасынан:
Жыл басынан бері 1000-ға жуық сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, 700-ден астам адам әшкереленген. Оның 98-і - түрлі деңгейдегі басшылар.
1,5 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 860 млрд теңге көлемінде мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылған.
Сотқа дейінгі аяқталған тергеу амалдарының нәтижесі бойынша 232,6 млрд теңге өтелген.
Жерді бөлу және Алматының қала құрылысын дамыту ісін жоспарлауда жиі қайталанатын заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталған.
21 мың бизнес субъектісіне көмек көрсетіліп, 400-ден астам түйткілді кейс шешімін тапқан.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз