Жаңалықтар

Президент Антикор басшысы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Президент Антикор басшысы Асхат Жұмағалиды қабылдады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының баяндамасынан: ▪️

Жыл басынан бері 1000-ға жуық сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркеліп, 700-ден астам адам әшкереленген. Оның 98-і - түрлі деңгейдегі басшылар. ▪️1,5 жылда бюджетке және квазимемлекеттік сектор субъектілеріне шамамен 860 млрд теңге көлемінде мүліктік активтер мен ақшалай қаражат қайтарылған. ▪️Сотқа дейінгі аяқталған тергеу амалдарының нәтижесі бойынша 232,6 млрд теңге өтелген. ▪️Жерді бөлу және Алматының қала құрылысын дамыту ісін жоспарлауда жиі қайталанатын заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталған. ▪️21 мың бизнес субъектісіне көмек көрсетіліп, 400-ден астам түйткілді кейс шешімін тапқан.