Жаңалықтар
Президент Астананың жылу инфрақұрылымы проблемадан арылмай келе жатқанын сынады
- авторjambylinfo.kz
- 31 қаңтар, 2023
- 170
Президент Астананың жылу инфрақұрылымы проблемадан арылмай келе жатқанын сынады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысында кейінгі 10 жылда қаланың жылу инфрақұрылымы проблемадан арыла алмай келе жатқанын сынады, деп хабарлайды Жамбыл инфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап
«Астананың инфрақұрылымын дәйекті түрде дамыта беру қажет. Урбанизацияның қазіргі қарқыны сақталса, елорда халқы 2030 жылға қарай екі миллион адамға жетуі мүмкін. Қала тез өсіп келеді, бұл бүгінде Бас жоспардың көптеген талаптары жүйелі түрде бұзылып жатыр. Сондықтан инженерлік инфрақұрылымды кешенді дамыту басым міндет болып тұр», - деді Мемлекет басшысы.
Президент кейінгі 10 жылда Астананың жылу инфрақұрылым проблемадан арылмай келе жатқанын сынады.
«Әкімдік 10 жылдан астам уақыт бойы №3 жылу-электр орталығын пайдалануға бере алмай келеді. Жобаны тапсыру мерзімі бірнеше рет ауыстырылды. Бұл оның құнының 53 миллиард теңгеге қымбаттауына әкелді. Мәселе 2019 жылы көтерілгенімен, нысанның дайындығы әлі де 83% болып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет башысының айтуынша, бүгінде елорда 300 гигакалориядан асатын жылу тапшылығына тап келіп отыр.
«Үкімет әкімдікпен бірлесіп жыл соңына дейін №3 жылу-электр орталығының бірінші бөлігін іске қосуды қамтамасыз етіп, екі газ қазандығының құрылысын аяқтауға тиіс. Нысанның екінші бөлігінің құрылысын қаржыландыру қаншалықты орынды екенін, мерзімдерін және қаражат көздерін анықтау керек», - деді Президент.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала