Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иорданияға ресми сапармен келді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Иордан Хашимит Корольдігіне барды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мемлекет басшысын Аммандағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайда ханзада Әли бен әл-Хусейн мен Иордания Премьер-министрі Жафар Хасан қарсы алды.
Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізеді.
Кездесу қорытындысы бойынша екі ел арасында бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады.