Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысу үшін Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен келді ,– деп хабарлайды Jambylinfo.kz. Aqorda.kz ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды. Шуша қаласында өтетін саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.