Президент ауруханада жатқан Айдос Садықовқа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр – Берік Уәли
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Берік Уәлидің жазуынша, Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын.
«Президент Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр. Президенттің тапсырмасына сәйкес Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің қазіргі мекенжайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Ал Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын», -деп жазған ол.
Еске салайық, 18 маусымда Киевте тұратын журналист «Бәсе» YouTube-арнасының авторы Айдос Садықовты атып кетті. Жерлесімізге жедел түрде ота жасалған. Алайда дәрігерлер оның жағдайы ауыр деп отыр.