Жаңалықтар

Президент Бейжіңде Әбу Насыр Әл-Фарабиге қойылған бюстті салтанатты түрде ашты

Президент Бейжіңде Әбу Насыр Әл-Фарабиге қойылған бюстті салтанатты түрде ашты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі білім алған Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орта ғасырлық философ, ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабиге арналған бюстті салтанатты түрде ашу рәсіміне қатысты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі. Ашылу рәсіміне ҚХР Білім министрінің орынбасары Ван Гуанянь, университеттің Партия комитетінің хатшысы Ни Хайдун, ректоры Дуан Пэн және мемлекет басшысына сабақ берген университет профессоры Лю Шицинь, сондай-ақ ҚХР Мемлекеттік өнер музейінің директоры, мүсін авторы У Вэйшань қатысты. Мемлекет басшысы алдымен Әл-Фарабидің әлемдік өркениетке қосқан зор үлесіне айрықша тоқталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев энциклопедиялық деңгейдегі, яғни жан-жақты білімі бар Әл-Фарабиді замандастары Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп атағанына назар аударды. Мемлекет басшысы ғұлама ғалымның еңбектері әрдайым өзекті, мән-мағынасын жоғалтпайтынын атап өтті

Мемлекет басшысы ұлы ойшылдың мұрасы білім ордасында жан-жақты зерттелетініне, сол арқылы мәдени байланыстарымыз нығая түсетініне сенім білдірді. Сонымен қатар осы бастамаға қолдау білдірген Қытай Үкіметіне, Бейжің Тіл және мәдениет университетіне, Қытайдың Мемлекеттік өнер музейіне және көрнекті мүсінші У Вэйшаньға зор ризашылығын білдірді.