Жаңалықтар

Президент бір топ түркістандықтарды марапаттады

Президент бір топ түркістандықтарды марапаттады

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1022 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

I дәрежелі «Барыс» орденімен «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС директоры Анарбек Оңғарұлы Орман; IІІ дәрежелі «Барыс» орденімен еңбек ардагері Жарылқасын Әзіретбергенұлы; «Парасат» орденімен еңбек ардагері Қойшыбай Көлбайұлы Әріпбай; «Парасат» орденімен Мәдениет және спорт министрлігі «Қазқайтажаңарту» РМК Түркістан филиалының сәулетшісі Нұрғали Имажанов; «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы» ЖШС директоры – бас редакторы Марина Анатольевна Лимаренко; «Шапағат» медалімен «Қызыл-Әскер» жалпы орта мектебі» КММ мұғалімі Пернебай Сапарбайұлы Арынов наградталды.