Жаңалықтар
Президент Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысын қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 15 қыркүйек, 2025
- 351
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысу үшін Астанаға арнайы келген Дүниежүзілік ислам лигасының Бас хатшысы шейх Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исамен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президент еліміздің діндер арасындағы диалогты дамыту бастамасына ұдайы қолдау көрсетіп, бейбітшілік пен келісім идеяларын насихаттауға елеулі үлес қосып келе жатқан ұйым басшысына ризашылығын білдірді.
Мемлекет басшысы әлемдегі конфессияаралық келісімді нығайтуға және ислам өркениетін кеңінен танытуға қосқан елеулі үлесі үшін Мұхаммед бен Абдулкарим Әл-Исаны I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.





