Жаңалықтар

Президент Әл-Хусейния сарайына барды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қазақстан президентін король II Абдалла бен әл-Хусейн мен тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен барғаны туралы жазғанбыз.

Сапар аясында король II Абдалламен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізіліп, бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.