Жаңалықтар

Президент Ұлытау облысындағы кеніш апатына байланысты көңіл айтты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақмыс» корпорациясының Ұлытау облысындағы кенішінде тау жынысының опырылуы салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Президент Үкіметке төтенше жағдайдың барлық мән-жайын мұқият тексеруді тапсырды.

Сондай-ақ, салалық ведомстволар мен өңір әкімдігіне марқұмдардың отбасыларына қажетті барлық көмекті көрсету жөнінде нұсқау берілді.