Жаңалықтар

Президент үндеуі: Ең бастысы-адам шығынын болдырмау

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты үндеу жасады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тоқаев халыққа үндеуінде еліміздің төтенше жағдай жарияланған 10 өңіріндегі ахуал соңғы 80 жылдан астам уақыттағы ең үлкен апат болуы мүмкін екендігін айтты. Сондай-ақ жергілікті жерлердегі барлық құтқару жұмыстары бақылауында екендігін атап өтіп, су тасқынының салдарымен күресуге  ТЖМ-нің барлық ресурстары, сондай-ақ ІІМ, Ұлттық ұлан, Қарулы күштер мен ҰҚК күштері жұмылдырылғанын жеткізді.

Сонымен қатар, күрделі жағдайға тап болған аймақтарда ешкім назардан тыс қалмайтынын, барлығына көмек көрсетілетінін, барлық шығындар өтелетінін баса айтты. Үкіметке мемлекеттік резервті пайдалануды тапсырды.