Жаңалықтар

Президент: Салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс

Бұл туралы Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтты

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жолдауында салықтан түскен әр теңге халықтың игілігіне жұмсалуға тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Бұл ахуалды шұғыл түзеу керек. Ең алдымен, салықтық әкімшілендіруге назар аудару қажет. Мемлекеттік кірістер комитеті цифрландыру үдерісі бойынша мемлекеттік органдар арасында көш бастауға тиіс.

Бұл мекеме жасанды интеллектінің және басқа да озық технологияның әлеуетін салық төлеушілердің мүддесіне сай тиімді қолдануы керек. Осы жүйелі қадамның бәрі мемлекет пен бизнестің арасындағы қарым-қатынастың мүлдем жаңа, сервистік үлгісін жасауға арналған", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, жаңа Салық кодексі қазіргі нормалар мен рәсімдерді өзгертумен шектелмеуі керек.

Президент даму институттары кәсіпкерлердің белсенділігін арттыру ісінде айрықша рөл атқаруға тиіс екенін атап өтті.