Жаңалықтар

Президент сайлауы: 7 үміткер сайлаушылардан қол жинауға кірісті

Президент сайлауы: 7 үміткер сайлаушылардан қол жинауға кірісті

Олар келесі аптаның жұмасына дейін заңнамада көрсетілген қолды жинап, кандидат ретінде тіркелуі керек. Қазір жол жинап жатқан үміткерлердің тізімі: «Ауыл» партиясы атынан - Жигули Дайрабаев; «Аманат» кәсіподақтар достастығы атынан - Мейрам Қажыкен; Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан - Нұрлан Әуесбаев; «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлердің ұлттық альянсы» атынан - Қарақат Әбден; «Халық демографиясы» қоғамдық бірлестігі атынан - Жұматай Әлиев; «Қазақ аналары – дәстүрге жол» бірлестігі атынан - Салтанат Тұрсынбеков; «Футбол жанкүйерлерінің қазақстандық лигасы» республикалық қоғамдық бірлестігінен ұсынылған Бақыт Жаңабаев.