Жаңалықтар

Президент сайлауына қатысатын үміткерлер күн сайын сиреп барады

Президент сайлауына қатысатын үміткерлер күн сайын сиреп барады

Президент сайлауына қатысатын үміткерлер күн сайын сиреп барады. Әу баста ұсынылған он екі адамның сегізі қалды. Әзірге олардың екеуі ғана ресми тіркелді. Олар халықтық коалиция атынан ұсынылған қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан шыққан Мейрам Қажыкен. 6 кандидат қолдаушылардың қолын жинауға кіріссе, Орталық сайлау комиссиясы 3 үміткерді тіркемей қойды. Ал, «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Нұржан Әлтаевтің құжаттарының заңға сәйкестігін белгілеу рәсімі уақытша тоқтатылды. Амангелді Сейтханның материалы. Кандидаттарды тіркеу басталғалы бес күн өтті. Бүгінге дейін 2 үміткер тіркелсе, 3-і жолдан шығып қалды. «Асар» оралмандар қоғамдық бірлестігі ұсынған Хайролла Ғабжалилов Қазақстанда тумаған болса, Талғат Ерғалиевті ұсынған «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық ұйым емес, заңды тұғалар бірлестігі екені анықталды. Ал, «Практикалық психология» қоғамдық бірлестігі ұсынған Фатима Бизақова мемлекеттік қызметте істемеген. Қайролла Ғабжалилов пен Талғат Ерғалиевтің де мемлекеттік қызметте 5 жылдық тәжірибесі жоқ екен. Осы мемлекеттік қызметке қатысты талап биыл қызу талқыланып жатыр. Саясаттанушылардың да бірі оны қолдаса, бірі өзгерту керек,-дейді. Индира Рыстина, саясаттанушы: