Жаңалықтар

Президент сайлауының барысын қадағалайтын 43 байқаушы аккредиттелді

Президент сайлауының барысын қадағалайтын 43 байқаушы аккредиттелді

Бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында 20 қарашада өтетін кезектен тыс президент сайлауына 43 байқаушы аккредиттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Оның нақтылауынша,ТМД-дан – 6, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің парламентаралық ассамблеясынан – 17, Сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ-ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросынан - 13, Түркі мемлекеттері ұйымынан – 5, Грузиядан 2 байқаушы аккредиттеуге ұсынылып отыр. Осыған орай аталған байқаушыларды аккредиттеу туралы ОСК қаулысының жобасы әзірленген. Комиссия мүшелері осы қаулыны бекіту туралы шешім қабылдады.