Жаңалықтар

Президент шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады

Қазақстан шахматшылары Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды

Мемлекет басшысы шахматтан әйелдер құрамасын жарқын жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады деп жазады Jambylinfo.kz.

– 2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.

Еске салайық, Будапештте өткен дүниежүзілік олимпиадада Қазақстан қыздар құрамасы 18 ұпай жинап, алғаш рет күміс жүлдегер атанды. 

Ал алтын медалді үндістандық шахматшылар жеңіп алса, қола жүлде АҚШ спортшыларына бұйырды.