Жаңалықтар

Президент ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады

Бұл туралы Ақорда хабарлап отыр

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады, деп жазады Jambylinfo.kz.

Министр Президентке  жоғары білім мен ғылымды дамыту бастамаларын ұсынып,  
салада атқарылған жұмыстарды баяндады:

  • Елімізде шетел университеттерінің 25 филиалы ашылды.
  • Шетелдік әріптестермен аймақтық университеттерді халықаралық деңгейдегі зерттеу университеттеріне айналдыру жөнінде келісімдер жасалды.
  • Оқушыларды қолдаудың жаңа қаржы құралдары енгізілді: «Келешек» жүйесі, «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасы, жеңілдікті білім беру несиелері және сараланған гранттар.

Сондай-ақ Саясат Нұрбек Қасым-Жомарт Тоқаевқа жасанды интеллектті дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берген:

  • 8 университетте 15 бағдарлама бойынша 2 мыңнан астам студент білім алуда.
  • Google, Nvidia, Coursera, 01 Edu System және Huawei компанияларымен ынтымақтастық орнатылды.
  • «Болашақ» бағдарламасы бойынша жыл сайын жасанды интеллект мамандарын даярлауға 100 шәкіртақы бөлінеді.

Кездесу соңында Президент министрге жоғары оқу орындарының инфрақұрылымын дамытуды, оның ішінде жатақханалар салуды жалғастыруды тапсырған.