Жаңалықтар

Президент Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

The final spritzer

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді

 Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевті Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы стратегиялық әрiптестiк және одақтастық қарым-қатынас туралы шартқа қол қойылғанына 20 жыл толуымен құттықтады.

– Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың басты бағыттарын қамтитын бұл тарихи құжат қазақ-әзербайжан байланысын дамытудағы маңызды кезеңнің басталғанын айқындап, көптеген сала бойынша өзара ықпалдастықты нығайтуға берік негіз қалады. Бірлескен күш-жігер арқылы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтып, екіжақты ынтымақтастықтың орасан зор әлеуетін халықтарымыздың игілігі жолында пайдаланамыз деп сенемін, – делінген құттықтау жеделхатында.