сейсенбі, 20 қаңтар, 2026 15:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент: Жаңа Парламентке Құрылтай деген атау беру керек деп есептеймін

Президент: Жаңа Парламентке Құрылтай деген атау беру керек деп есептеймін
Фото: Ақорда
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.

Мемлекет басшысы бір палаталы жаңа парламентке "Құрылтай" деген атау беруді ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Президенттің айтуынша, Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретіне сақтап қалу керек.

"Ең алдымен, болашақ парламенттің атауы бойынша пікірімді айтсам. Қысқаша айтқанда, Құрылтай деген атауды беру керек деп сенемін. Құрылтайдың тарихи аясы да, мағынасы да халқымызға түсінікті, жақын.

Құрылтай отырыстарын жаңғырту бастамасын мен өзім 2022 жылы көтердім. Бұл баяндаманың басында Құрылтай жұмысының тиімділігі мен пайдасына ден қойдым.

Жалпы, еліміздің саяси жүйесінде Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретінде сақтап қалуымыз керек. Депутат санын көбейтудің қажеті жоқ. Мәселе санда емес, сапада. Жаңа Парламентте төрағаның 3 орынбасары болуы керек, ал комитет 8-ден аспауы тиіс», - деді жиында Президент.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар