Президент: Жаңа Парламентке Құрылтай деген атау беру керек деп есептеймін
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты.
Мемлекет басшысы бір палаталы жаңа парламентке "Құрылтай" деген атау беруді ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президенттің айтуынша, Құрылтай атауын аса маңызды мемлекеттік институттың символы ретіне сақтап қалу керек.