дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 19:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады

Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады
Ашық дереккөз
Бұл туралы Ақорда хабарлады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Кездесуде Жоғары сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды.

Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.

Сондай-ақ ол президентке кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайтыны туралы баяндар, оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайтынын айтты.

Мемлекет басшысы Дмитрий Малаховқа бірқатар нақты міндет жүктеді.

 

 

 

 

 

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар