жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент Жолдауы: Жастар кәсіпкерлігіне нақты қолдау көрсетіледі

Президент Жолдауы: Жастар кәсіпкерлігіне нақты қолдау көрсетіледі
Фото - ашық дереккөз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттеуге және дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді көтеріп, оның шешу тетіктерін ұсынды. Тиісті мемлекеттік құрылымдарға тапсырма берді.

Жолдауда цифрландыру жүйесін дамыту, елге инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы олқылықтар – барлығы Президент назарынан тыс қалмады.

       Сондай-ақ Президент Жолдауында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау қажеттігін ерекше атап өтті. Мемлекет басшысының «Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіледі» деген сөзі – жас буын үшін зор мүмкіндік пен үлкен сенімнің белгісі.

      Бұл – тек жаңа жұмыс орындарын ашу немесе экономикалық пайда әкелу емес, бұл – жастарды дербес ойлауға, тәуекелшіл болуға, өз арманын жүзеге асыруға шақыру. Кәсіп ашуға ұмтылған әрбір жас – ел дамуының тірегі, қоғамға жаңа серпін беретін қозғаушы күш. Бүгінде мемлекет тарапынан түрлі гранттар, жеңілдетілген несиелер, оқыту және тәлімгерлік бағдарламалар қарастырылған. Бұл қолдау – жастардың өз ісін ашып қана қоймай, оны табысты жүргізуіне жол ашады. Әсіресе ауыл-аймақтағы, шағын қалалардағы жас кәсіпкерлер үшін бұл үлкен мүмкіндік.

     Бүгінгі күні Тараз қаласының өзінде көптеген жас бизнеске қадам басып, қоғамға пайдалы жобаларды іске асырып жүр. Бірі экологиялық таза өнім өндіруді қолға алса, бірі білім беру орталықтарын ашып, балалардың дамуына үлес қосуда. Осындай мысалдар жастардың әлеуеті зор екенін көрсетеді.

 

                                                                                            Қуат Ошақбай, Жамбыл ауданы.

                                                                                                       аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар