Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді
Президенттің отбасы мүшелеріне орын жоқ: Ұлттық пантеонда кімдер жерленеді
Астанадағы Ұлттық пантеонды пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілмек. Елордадан 17 шақырым қашықтықта орналасқан пантеонда жерлеу тәртібін ретке келтіру үшін құжат жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылып отыр. “Ашық НҚА” порталында жарияланған Үкімет қаулысына сүйенсек, бұған дейінгі құжат тізіміндегі “ҚР президенттерінің отбасыларының мүшелері” деген тармақ алынып тасталған. “Отбасы мүшелері Ережелердің 5-тармағында Пантеонда жерленетін тұлғалардың нақты регалийлері айқындалуына орай алып тастау ұсынылады. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнамаға сәйкес "отбасылардың мүшелері" ұғымы қарастырылмаған. Сонымен бірге, осы Ережемен тұлғалардың жұбайы немесе зайыбын жерлеу мүмкіндігі қарастырылған”, - делінген құжатта.