Жаңалықтар

Президенттің төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті

Президенттің төрағалығымен елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес отырысы өтті

Жиынға Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері және орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысады. Кеңес отырысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Премьер-Министрдің орынбасарлары Роман Скляр мен Алтай Көлгінов баяндама жасады.   Мемлекет басшысы: «Біз қаланың келбетін сақтап қалуымыз керек. Астанада әлемнің ең үздік сәулет үлгілері қолданылуы керек. Бұған дейін қаланың бірыңғай дизайн-коды әзірленді. Бірақ бұл құжат қағаз жүзінде ғана қалды. Салынып жатқан кейбір ғимараттар бір-бірімен мүлде үйлеспейді. Қаланың оңтүстік-шығыс ауданында сыртқы сипаты сын көтермейтін, бей-берекет салынған нысандар көп. «Артем» және «Тұлпар» сауда орталықтарының маңын да ретке келтіру керек. Әкімдік нақты шаралар қабылдауға тиіс»