дүйсенбі, 30 қыркүйек, 2024 6:25

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президенттің төрағалығымен Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың І отырысы басталды

Президенттің төрағалығымен Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың І отырысы басталды
ашық дереккөзі
Президенттің төрағалығымен Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың І отырысы басталды
Президенттің төрағалығымен Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың І отырысы басталды Құрылтайда Тоқаев ел атауын өзгертуге қатысты ұсынысқа жауап берді. "Кейбір азаматтарымыз референдум кезінде мемлекеттің атауы да өзгеруге тиіс еді деген пікір айтып жүр. Олар "Қазақстан" атауындағы "-стан" сөзін елімізге де, бүкіл Азияға да жат ұғым деп санайды. Мұны да қисынды деп айтуға болмайды. Себебі әлемде дәл осындай Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Орталық Азия мемлекеттері бар. Ең басты мәселе, біз Тәуелсіз еліміз – Қазақстан Республикасы атынан 30 жыл ішінде көптеген халықаралық келісімшартқа қол қойдық, мемлекеттік шекарамызды бекіттік. Осындай жағдайда мемлекетіміздің атауын өзгерту жауапсыз шешім болар еді. Бұл – ең алдымен, ұлттық қауіпсіздігімізге және халқымыздың бейбіт өміріне тікелей әсері бар өте маңызды мәселе", - дейді мемлекет басшысы. Президент құрылтай шақыру ертеден келе жатқан ата дәстүріміз екенін алға тартып, тарих беттеріне үңілді. "Төл тарихымызда ұлт тағдырын шешкен құрылтайлар болған. Оның көбі халқымыз үшін маңызды кезеңде өткізілген. Талас құрылтайынан кейін Алтын Орда дербес мемлекет болды. Қарақұм және Ордабасы құрылтайлары жұртымызды ел қорғауға ұйыстырды. Орынбордағы бірінші қазақ құрылтайында Алаш партиясы құрылды. Екінші құрылтайда Алаш автономиясы жарияланды", - дейді ол.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар