Президенттің тапсырмасымен «Бағанашылдағы» балалар үйі көшірілмейтін болды
Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерін Қонаев қаласындағы жаңа ғимаратқа көшіруді тоқтатуды тапсырды.
Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады.