Жаңалықтар

Президенттікке үміткер Фатима Бизақованың да кандидатурасы талапқа сай болмай шықты

Президенттікке үміткер Фатима Бизақованың да кандидатурасы талапқа сай болмай шықты

ҚР Президенттігіне үміткер ретінде ұсынылған Фатима Бизақованың кандидатурасы талаптарға сай келмейді. Бұл туралы үміткерді арнайы органдар арқылы тексеру нәтижесін баяндаған Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

Нәтижесінде Фатима Бизақованың мемлекеттік қызметтегі жұмыс өтілі жоқ екені анықталған. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы оның кандидатурасын ҚР «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 54-бабында көзделген ережелерге сәйкес емес деп таныды. Сәйкесінше, құзырлы орган Фатима Бизақованы ҚР Президенттігіне кандидат ретінде тікеуден бас тарту туралы шешім қабылдады. Айта кетсек, бұл үміткердің кандидатурасын «Тәжірибелік психология» қоғамдық бірлестігі ұсынған болатын.